Еуропада коронавирус жұқтыру оқиғалары қайта көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропада коронавирус жұқтыру оқиғалары қайта көбейді

22.09.2020

Қарт құрлықта коронавирус жұқтыру оқиғалары қайта көбейді. Соған қарамастан аймақ елдерінің саяси басшыларына бұл эпидемияны карантинсіз тоқтату туралы қысым күшейіп отыр. 

Еуропа Аурулардың алдын алу және бақылау орталығының дерегінше, соңғы 14 күнде бес елде 100 мың адамға шаққан 120-дан астам вирус жұқтыру оқиғасы тіркелген. Солардың ішінде Испания алда тұр. Одан кейінгі орындарда Франция, Чех Республикасы, Хорватия, Румыния келеді. «Ассошиэйтед Пресс» агенттігінің хабарлауынша, қазір Польшада да Covid-19 жұқтырғандар тағы көбейіп жатыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу