Елордадағы көшелердің біріне «Қазақ радиосының» атауы берілді. Сол жағалауда «Қазмедиа» орталығы орналасқан кешеннің іргесіндегі ұзындығы 560 метрлік көше енді «Қазақ радиосы көшесі» деп аталады. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің шешімімен Елордадағы көшелердің біріне белгілі диктор Әнуарбек Байжанбаевтың да есімі берілді. Бұл қазақ радиосының 100 жылдығына тарихи тарту.
Дулат Абибуллаев, «Қазақ радиолары» ЖШС бас редакторы – «Қазақ радиосы» радиоарнасының директоры:
Екі апта бұрын Шымкент пен Қызылорда қаласында да осындай көшелер ашылған, жыл соңында Алматы қаласында да «Қазақ радиосы көшесі» ашылмақ.
Амангелді Сейітхан