Қордайда шығарылған ет өнімдері Қырғызстанға экспорттала бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қордайда шығарылған ет өнімдері Қырғызстанға экспорттала бастады

26.03.2021

Жамбыл облысында шығарылған ет өнімдері көрші ел Қызғызстанға да экспорттала бастады. Мемлекет қолдауымен ашылған «Первомайские деликатесы» серіктестігі жылына 200 тоннадан астам өнімін сыртқа экспорттайды. Мемлекеттік бағдарламалардың шарапатымен аяғынан нық тұрған кәсіпорын жылына бір ғана араб еліне 600 тоннадан астам ет жеткізеді. Бүгінде қосалқы шаруашылықтарды қолға алған еңбек ұжымының шұжық өнімдері де нарықта үлкен сұранысқа ие. Серіктестік басшысы жерді тиімді падалануды реттейтін жер комиссиясының құрылғанын қуанышпен қабылдады. «Өйткені жерді тиімді пайдалану - ел экономикасының дамуына қосқан үлес болары сөзсіз», - дейді кәсіпкер.   

Нұржан Бажанов, кәсіпкер:
Аудама ет комбинатында отыздан астам адам еңбек етеді. Дені жергілікті тұрғындар. Мемлекет қолдауымен арқасында екінші мал сою ортылығын да салып алдық. Мен елімізде кәсіпкерліктің осылай өркендей беруін қалаймын. Осы ретте жерді шет ел азаматтарына сатуға болмайтын заң қабылдағанына қуаныштымын. Мен бұл істің маманы емеспін. Десек те жерді тиімді пайдалануды реттейтін жер комиссиясының құрылуы кәсіпкерлікті дамытуға деген үлкен қадам деп ойлаймын.

Хабарламаларға жазылу