ШЫҰ-ның Іскерлік кеңесінің отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШЫҰ-ның Іскерлік кеңесінің отырысы өтті

07.06.2017

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер өзара сауда-саттық және инвестициялық әріптестікті нығайта түспек. Бүгін Ұйымның Іскерлік кеңесінің отырысында бизнесті дамытудың тетіктері талқыланды. Жер шары халқының тең жартысы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының шаңырағы астында. Яғни, алып нарықтың күш-жігерін тиімді пайдалану бізге аса тиімді. Осы ретте, Қазақстан ет өнімдерін Қытай мен Ресей нарығына жөнелтуді межелеп отыр. Нақтырақ, Қытайға қой мен сиыр еті жіберілмек. Бүгін екі тарап арадағы келісімдерді пысықтап, өзара қол алысса, Қазақстан еті - жыл соңында көп көлемде, жоғары бағада экспорттала бастайды. Бұдан бөлек, тараптар инвестициялық әріптестіктің жай-күйін де таразылады.   

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу