Азық-түлік бағасы былтырғымен салыстырғанда 7,7 пайызға өскен

03.11.2014
Азық-түлік бағасы былтырғымен салыстырғанда 7,7 пайызға өскен

2014 жылғы қазанда азық-түлік тауарларының бағасы 2013 жылғы қазанмен салыстырғанда 7,7 пайызға көтерілді.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті келтірген мәліметке сүйенсек, 2014 жылғы қазанда 2013 жылғы тиісті аймен салыстырғанда қант 15,4 пайызға, ұн - 14,4 пайызға, сүт өнімдері - 11,5, балық және теңіз өнімдері - 9,7, кофе, шай және какао - 9,4, тоқаш және ұн өнімдері - 8,8, кондитерлік өнімдер, алкогольді ішімдіктер - 8,7, макарон өнімдері - 7,8, жемістер мен көкөністер - 7,5 пайызға өскен. Сондай-ақ нан - 6,4, май және тоң майға 1,4 пайызға өскен. Бағаның төмендеуі жармаларға 2,9 пайыз көлемінде байқалды.

Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 5,1 пайызды құраған. Құс етіне баға деңгейі 19,2 пайызға, шұжық өнімдері - 11,3 пайызға, жылқы еті - 2,2, қой еті - 0,7, сиыр еті  0,2 пайызға жоғары болды.

Хабарламаларға жазылу