Қазақстанда ет пен нан қымбаттауы мүмкін

13.12.2019
Қазақстанда ет пен нан қымбаттауы мүмкін

ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев нан мен ет қымбаттауы мүмкін екенін айтты. 

«Осы жылдың қараша айынан бастап инфляция деңгейі төмендеп, 5,4%-ды құрады. Азық-түлік өнімдері 9,7%-ға қымбаттады. Нан түрлері мен 15,5%-ға, ет және ет өнімдері 13,4 %-ға, балық және теңіз өнімдері 12,2 %-ға өсті» деді Ерболат Досаев отырыста.

Ақылы қызметтер құны өсімі 0,6%-ды құрайды. 

«Алдағы уақытта нан өнімдері астықтың қымбаттауына байланысты өсуі мүмкін. Сондай-ақ, сүт өнімдерінің Еуразиялық Экономикалық Одақтың жаңа шарттарына сәйкес қымбаттауы күтіледі» деді Досаев.


Хабарламаларға жазылу