Караоке-барда сауық құрған әкімдік қызметкерлеріне қатысты тексеру жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Караоке-барда сауық құрған әкімдік қызметкерлеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

15.03.2021

Караоке-барда сауық-сайран құрған Талдықорған қаласы әкімдігінің бірқатар лауазымды қызметкерлеріне қатысты тексеру жүріп жатыр. Олардың түннің бір уақытында ойын-сауық орнынан шығып келе жатқан видеолары әлеуметтік желілерде тарап кетті. Сондай-ақ тағы бір мемлекеттік қызметкердің мас күйінде көлік жүргізгені және бір әйелмен көше ортасында жанжалдасып, тіпті оған қол жұмсап жатқаны да бейнекамераға түсіп қалған.

Нұр Қанатұлы, қала әкімінің баспасөз хатшысы: 
Аталған оқиға бойынша бүгінгі күні Талдықорған қаласының әкімдігі ішкі қызметтік тергеу жүргізіп жатыр. Ол тергеудің қортындысын біз бүгін бе, ертең бе міндетті түрде жариялаймыз.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу