Нұр-Сұлтанда караоке қонақтары полицияны көріп, екінші қабаттан секіріп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда караоке қонақтары полицияны көріп, екінші қабаттан секіріп кетті

26.10.2020

Алматыда құдалық, үйлену тойы мен шілдехана өткізу тыйылар емес. Шаһардағы мониторингтік топтар карантин талаптарының сақталуын қатаң қадағалауға көшті. Демалыс күндері 60 нысанды тексерген комиссия талап бұзғандарды анықтап, айыппұл салды. Тәртіп бұзушылық қайталанса, нысанның қызметін сот тәртібімен тоқтату қарастырылған. Қоғамдық тамақтану нысандарында 70 тен 100-ге дейінгі адамның қатысуымен банкеттер өткізу белең алған. Тіпті, жасырын жұмыс істеген түнгі клубтар да бар.

Ал Нұр-Сұлтанда тексеру кезінде караоке-барда отырғандар 2-қабаттан секіріп кеткен. Оқиға 25 қазан күні түнде «SOVA» деп аталатын нысанда болған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ғимарат алдында тұрған адамдар полицияны көріп, барға қашып кірген. Артынша терезеден секіре бастаған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

Жазира Оразқызы

Алматы карантин той Нұр-Сұлтан караоке

Хабарламаларға жазылу