Саунада сауық құрған әкімге сөгіс жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саунада сауық құрған әкімге сөгіс жарияланды

22.05.2020

Төтенше жағдай кезінде саунада сауық құрған Түркістан облысы Шардара ауданының әкіміне сөгіс жарияланды. Шенеуніктің тәртібін қараған облыстық әдеп кеңесі осындай шешім шығарды. Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде әкімнің бірнеше лауазымды тұлғалармен бірге моншаға түскен видеосы тараған еді. Ең қызығы, олар саунаға қызметтік көлікпен барыпты. Өзі төтенше жағдай режимін қамтамасыз ететін жергілікті комиссияның төрағасы бола тұра, осындай әрекетке барған Қайрат Жолдыбайға әдеп кеңесі сөгіс жариялады.

Ғани ҚАЛМАХАН


Хабарламаларға жазылу