Талдықорғанда караоке-барда сейіл құрған әкімдік қызметкерлеріне шешім шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда караоке-барда сейіл құрған әкімдік қызметкерлеріне шешім шықты

16.03.2021

Талдықорғанда әкімдік қызметкерлеріне жүргізілген ішкі тексеру барысында олардың расымен де түнгі уақытта караоке-барда сауық құрғандары анықталды. «Б» корпусының әкімшілік-мемлекеттік қызметшілерінің бірыңғай тәртіптік комиссиясы қала әкімі қарамағындағы бірнеше лауазымды тұлғаға шара қолдануды ұсынды. Әкім орынбасарына қатаң сөгіс беріп, кәсіпкерлік бөлім басшысын қызметіне толық сәйкес емес деп тану, ал көлікті мас күйде жүргізген құрылыс бөлімінің басшысын жұмыстан босату туралы ұсыныс жасалды. Сондай-ақ, оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 608-ші бабымен хаттама толтырылды.

Ақбота Қуанышбекқызы, Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
Әкімшілік материал шешім қабылдану үшін сотқа жолданды. ҚР ӘҚБК 608 бабы талаптарына сәйкес көлік құралын алкогольді, наркотикалық немесе токсикоманиялық масаң күйде басқару құқықбұзушылығы үшін 7 жылға дейін көлікті басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу