Азық-түлік бағасы 2,4%-ға қымбаттады
Азық-түлік бағасының қымбаттауына жол берген шенеуніктер жазаланады. Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов осылай деді.
Жалпы, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 2,4%-ға қымбаттады. Сырттан келетін өнім және маусымаралық кезеңде көкөністің бағасы өскен. Әрі тұрақтандыру қорлары да жеткіліксіз. Көбіне Қостанай, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында бағаның өсуі байқалған. Министр әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұру үшін жауапкершілікті күшейту керек деді.
Бақыт Сұлтанов, ҚР Сауда және интеграция министрі:
Шаралардың нақты нәтижелері болмаған жағдайда біз әкімдердің жетекшілік ететін орынбасарларын жауапкершілікке тарту туралы мәселеге бастамашы боламыз.
Ғабит Бөкенбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36

Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді
06.09.2025, 18:02
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58