Президент: Ел азаматтары пандемия жағдайында екпенің аса маңызды екенін түсінеді деп ойлаймын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент: Ел азаматтары пандемия жағдайында екпенің аса маңызды екенін түсінеді деп ойлаймын

02.02.2021

Президент ел азаматтары пандемия кезінде екпенің аса маңызды және қажетті екенін түсінетініне сенім білдірді. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында:

«1 ақпан күні Қазақстанда COVID-19 індетіне қарсы жаппай вакцина салу басталды. Біз індетке қарсы әлемдік тәжірибені қолданып отырмыз. Вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы. Азаматтарды вакциналау шығындарының барлығын мемлекет көтереді. Вакцина салуға денсаулығы жарамайтын азаматтардан басқалары, жаппай пандемия жағдайында екпенің аса маңызды және қажетті екенін түсінеді деп ойлаймын»,- деп жазған.

Нысаналы Ығыл


Хабарламаларға жазылу