Сайлауда сақтық шаралары қатаң ескеріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлауда сақтық шаралары қатаң ескеріледі

10.01.2021

Биылғы сайлау пандемия жағдайында өтіп жатқандықтан, сақтық шаралары ерекше назарда. Мәселен, учаскелердегі дауыс беру кабиналарына перде ілінбейтін болды. «Дегенмен, ол дауыс беру құпиялығына еш әсер етпейді», - дейді мамандар. Сайлаушылар бетперде тағып, бір реттік қолғап киген жөн. Сонымен қатар, антисептикті жиі қолданып, адамдар арасында әлеуметтік арақашықтық сақтау да маңызды. Тиісті құжаттарды толтыру және қол қою барысында жеке қаламсап пайдалану керектігі ескертіліп отыр.

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу