Радио күні мерекесінде 40 ауылға Қазақ радиосын қосып отырмыз – Аида Балаева - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Радио күні мерекесінде 40 ауылға Қазақ радиосын қосып отырмыз – Аида Балаева

01.10.2021
Радио күні мерекесінде 40 ауылға Қазақ радиосын қосып отырмыз – Аида Балаева

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Қазақ радиосының 100 жылдығына арналған салтанатты шарада Тәуелсіздікпен бірге еліміздің ақпарат саласы да үлкен өзгерістерден өтіп, жаңа деңгейге көтерілгенін, соның ішінде, отандық радио өзінің бағытын айқындап, нақты даму жолына түскенін атап өтті.

«Қазақ радиосы бүгінде еліміздің 90% аумағына еркін таралады. Дегенмен, бұған дейін еліміздің шекаралық алыс аймақтарына радио үнін жеткізу мүмкін болмаған еді. Біз осы мәселені шешуді былтырдан бастап қолға алдық. Ол үшін арнайы арнайы Жол картасын қабылдадық. Нәтижесінде, 2025 жылға дейін еліміздің 95% территориясына Радиомыздың үні жететін болады. Бүгінгі Радио күні мерекесінде 40 ауылға Қазақ радиосын қосып отырмыз. Жалпы жоспар бойынша алдағы уақытта шекаралас аумақтағы 400-ден астам ауыл «Қазақ Радиосы» мен «Шалқар радиосына» қосылатын болады»,- деді министр.

Хабарламаларға жазылу