ШҚО-да екі ай бұрын жоғалып кеткен құтқарушының денесі табылды
Шығыс Қазақстанда осыдан 2 ай бұрын жоғалып кеткен сүңгуір-құтқарушы Елдос Нұрпейісовтің денесі кеше табылды. Оның артында қалған үш баласының үлкені енді ғана мектеп табалдырығын аттаса, кішісі төрт айлық. ТЖД 9-құтқару бөлімшесінің 29 жасар сүңгуірі суда қалған тұрғынды құтқармақ болған. Қатты ағысқа төтеп бере алмаған үрлемелі қайық төңкеріліп, суға батып кеткен. Сол уақыттан бері іздеу жұмыстары тоқтатылған жоқ. Алайда, су ағысының жылдамдығы мен өзеннің ернеуінен асуы жұмысты қиындатты. Марқұмның отбасына қаржылай көмек көрсетілмек. Бес жыл жұмыс істеген Елдос әріптестерінің есінде қызметіне адал, ортасына сыйлы азамат ретінде қалды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Kcell абоненттерінің 40 пайыздан астамы 5G жылдамдығын пайдаланады
21.10.2025, 20:28
Келесі жылы ұялы байланыс тарифі қымбаттауы мүмкін
21.10.2025, 20:26
Қостанайда КІА Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 20:22
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 20:19
Әзербайжан - Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктесі
21.10.2025, 20:16
Ташкентте денсаулық сақтау саласына арналған форум өтті
21.10.2025, 20:14
«Қайрат»-«Пафос» ойыны: Қанша жанкүйер жиналды?
21.10.2025, 20:12
«Қайрат»-«Пафос»: Спорт сарапшыларының болжамы қандай?
21.10.2025, 20:09