ҚР ОСК сайлау қорытындысын жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР ОСК сайлау қорытындысын жариялады

12.01.2021
ҚР ОСК сайлау қорытындысын жариялады

Орталық сайлау комиссиясы Парламент сайлауының қорытындысын жариялады.

ОСК мәліметіне сәйкес, Мәжіліске үш партия өтті:

- «Nur Otan» партиясы – 71,09%; 

- Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 10,95%; 

- «Қазақстанның Халық партиясы» – 9,10%.

2 партия 7 пайыздық көрсеткішке жете алмады:

- «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 5,29%; 

- «ADAL» саяси партиясы – 3,57%. 

Мәжілістегі депутаттық манданттар: «Nur Otan» партиясы – 76 мандат, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 12 мандат, «Қазақстанның Халық партиясы» - 10 мандат алды. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 депутат бар.


Хабарламаларға жазылу