Шығыста аяздан қоғамдық көліктің қатынасы қиындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыста аяздан қоғамдық көліктің қатынасы қиындады

07.01.2021

Қарағанды облысында аязға байланысты Алматы-Екатеринбург, Теміртау-Ақмола, Қызылорда-Павлодар, Нұра-Теміртау және Нұра-Ақмола кұрежолдарына шектеулер қойылды. Сондай-ақ, қоғамдық көліктерге және дизельдік отынмен жүретін көліктерге алыс жолға шығуға тыйым салынды. Қала ішінде- ақ мұндай техника оталмай, қатып жатыр. Өңірде ертең 37 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде.   

Шығыста шыңылтыр аяз салдарынан қоғамдық көлік қозғалысы қиындап кетті. Жолаушылар кей автобустарды аялдамада сағаттап күтуге мәжбүр. Мысалы, Өскемен қаласының көшелеріне күнделікті 300-ге жуық автобус шығуы тиіс. Бірақ бір аптаға созылған аяз кесірінен қоғамдық көліктің көбінде жанармайы қатып, қаңтарылып тұр. Жеке такси жүргізушілері болса жол ақысын шарықтатып жіберген. Ал құзырлы органдар бұл мәселені шешуге қауқарсыз. Өйткені, жолаушылар тасымалымен айналысатындардың дені - жеке меншік компаниялар.   

Болатбек Мүшебаев, автобус жүргізушісі: 
-Аяз кезінде жүру өте қиындады. Мысалы біздің бағытта күніне 7-8 автобус шығу керек болса, оның екеуі-үшеуі сынады. Мысалы менің көлігімнің бүгін жанармайы қатып қалып, ішке кірдім. Қазір жөндеп жатырмыз.  

Руслан Нұрланұлы, Берік Көшербай


Хабарламаларға жазылу