Өскеменде автобус жүргізушілері жетіспейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде автобус жүргізушілері жетіспейді

20.11.2019

Өскеменде автобус жүргізушілері жетіспейді. Кадр тапшылығы қаладағы қоғамдық көлік саласының ең үлкен проблемасына айналды. Жалпы, мұндай ахуал шығыста ғана емес, еліміздің бірқатар аймағында қалыптасып отыр. Жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпкерлердің айтуынша, көлік жүргізушілердің жетіспеушілігі заңға өзгеріс енген соң басталды. Нақтырақ айтсақ, «Д» санатынан басқа «Д1» кіші санатын кіргізгелі жағдай қиындады. Қазір қаладағы автопарк иелерімен қоса, әкімдік те ауыл-аймақтан жүргізуші іздеп әлек.

Дәл қазір Өскеменге 300-ге жуық маман қажет. Қоғамдық көліктер әлі күнге дейін жазғы кестемен жүр. Себебі, бағытқа қосымша автобустар шығарайын десе, оны тізгіндейтін адам жоқ.

Мәселені шешуге қалалық әкімдік те кірісіп, аудандарда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізе бастады. Жалақыны көтеріп, тіпті баспанамен де қамтимыз деп жарнамалатып жатыр. Демек, басқа қаладан келіп жұмыс істеймін дегендерге де барынша жағдай жасалмақ.

Берік КӨШЕРБАЙ


Хабарламаларға жазылу