Басты Жаңалықтар Бір күнде 795 адамнан коронавирус анықталды

Бір күнде 795 адамнан коронавирус анықталды

Бір күнде 795 адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 11 адам көз жұмды. 795 адам коронавирус жұқтырған. Оның 120-ы Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Алматы қаласында - 87, Павлодар облысында 72 адамнан вирус анықталды. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 154720-ға жеттi. 

Соңғы тәулікте 744 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 142475. Қайтыс болғандар - 2284.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 22 102 адам ем қабылдап жатыр. 245 науқастың жағдайы ауыр.

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 93 жағдай тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 45723 адам пневмонияға шалдыққан. 33083 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 499.

Бөлісу