Өскеменде Абай ескерткіші бой көтерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде Абай ескерткіші бой көтерді

29.12.2020

Өскемен қаласында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлына ескерткіш қойылды. Ұлт ұстазының 175 жылдық мерейтойына орай жасалған бюст облыс орталығындағы гуманитарлық колледж алдына ортанылды. Қоладан құйылған ақын сұлбасының жалпы биіктігі 4 метрге жуық. Ғасырға жуық тарихы бар, ұстаздар даярлайтын осы білім мекемесіне де биыл Абай есімі берілген. Ақынның тұлғасы мен мұрасын ұлықтау мақсатында колледжде абайтану кабинеті де ашылған.   

Фархат Құрманов, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің директоры: 
-Абай кабинетімен бірге біз биыл педагогикалық кеңестің шешімімен Абай шәкіртақысын беріп отырмыз. Биыл бірінші бала осы шәкіртақыны алып отыр. Бұл балалардың жалпы білімге деген, ғылымға деген қызығушылығын арттырады деп ойлаймын.   

Берік Көшербай


Өскемен Абай ескерткіші

Хабарламаларға жазылу