Абай Құнанбаев ескерткішінің сызбасына байқау жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай Құнанбаев ескерткішінің сызбасына байқау жарияланды

04.03.2014
Абай Құнанбаев ескерткішінің сызбасына байқау жарияланды
Бішкекте бой көтеретін Абай Құнанбаев ескерткішінің сызбасына байқау жарияланды, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.  
 
Байқауға қатысушы мүсіншілер және авторлық ұжымдар сызба жобасын  2014 жылдың 1 сәуіріне дейін Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетіне ұсынулары керек.
 
Қазақтың ұлы ақынының ескерткіші Бішкектегі Фрунзе көшесіндегі саябақта бой көтермек.  
 
Айта кетейік, Абай ескерткішін тұрғызу  мәселесі 2012 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғыз Республикасының басшысы Алмазбек Атамбаевтың кездесуінде келісілген.

Хабарламаларға жазылу