Нарынқол ауылында Мұқағали Мақатаевтың ескерткіші бой көтерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нарынқол ауылында Мұқағали Мақатаевтың ескерткіші бой көтерді

04.10.2021

Биыл ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл. Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі атанған қаламгердің мерейтойы туған жерінде атап өтілді. Халықаралық деңгейде ғылыми-тәжірбиелік конференция өтіп, Нарынқол ауылында еңселі ескерткіші бой көтерді. Әлеуметтік нысандар ел игілігіне беріліп, ақынның өлеңдеріне жазылған мерекелік концерт ұйымдастырлды. Шараға Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Мәдениет және спорт Министрі Ақтоты Райымбекова мен ұлт зиялылары қатысты.

Мұқағали Мақатаев 45 жыл ғана өмір сүрді. Бұл дүниемен қоштасқанына да тура 45 жыл. Бірақ артына қалдырған мұрасы мол. Әр шығармасы бұл заманда да мән-мағынасын, маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Ғылыми-тәжірбиелік конференцияда қаламгердің шығармашылығын терең зертеу мәселесі көтеріліп, халықаралық Түрксой ұйымы жеті тілген аударылған ақын шығармалары жинағын таныстырды.

Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан жазушылар одағының басқарма төрағасы: 
Мұқағали шығармалары мұхиттағы айсбергтей. Оның көп құпиясы, жанының сырының құпиясы толық ашылып болды деп біз айта алмаймыз.
Қуаныш Қанатұлы, тілші: 
«Тәкәппәр қыс лебі неткен күшті,
Ақ қырау алыстағы орман үсті.
Иілтіп әлсіз дене жас шыбықты,
Ұлыған долы боран соға түсті,» деп ақиық ақын өзі жырлағандай, Мұқағали Мақатаевтың мерей тойы туған жерінде осындай табиғаттың тосын мінезімен атап өтілді.

Биіктігі 8 метрден асатын еңселі ескерткіштің ашылу рәсімінде Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Президент ҚасымЖомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Ақынның 100 жылдық мерейтойы әлемдік деңгейде тойланады деген жоспарын жеткізді.

Қырымбек Көшербаев, ҚР мемлекеттік хатшысы: 
Қанша жыл өтсе де қаламгердің туындылары өзектілігін жоғалтпайды. Өйткені өмірдің өзінен алынған әрбір өлеңі жұртшылықтың жанына жақын.

Хантәңірінің мұзбалағы атанған аққынның есімі өскелең ұрпақтың жадында мәңгілік сақталады.

Мерейтой аясында Нарынқол ауылында 50 үйдің кілті табысталды. 90 жылдыққа орай ауданға қомақты қаржы бөлініп, әлеуметтік-мәдени нысандар салынып, кейбір ғимараттар күрделі жөндеуден өтті.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу