Алматыда Абай ескерткіші бой көтерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Абай ескерткіші бой көтерді

07.02.2020

Алматыда Абай ескерткіші бой көтерді. Ақынныә 175 жылдық мерейтойына арналған салтанатты рәсімге шаhар басшысы мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Мүсінді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі мүсінші Тілеуберді Бинашев дайындаған. Абайдың мерейтойлық жылы – мәдениет пен әдебиет қайраткерлерінің, сөз жанры шеберлерініә, жалпы шығармашылықпен айналысатындар үшін айтулы мереке. Себебі, ұлы ақынның мол мұрасы, адамгершілік өсиеттері қазақ халқының игілігіне айналды. Жиналғандар сондықтан ұлы ақынды өскелең ұрпаққа таныту ел болашағы үшін маңызды екенін айтты.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу