Басты Жаңалықтар Бір күнде 739 адамнан коронавирус анықталды

Бір күнде 739 адамнан коронавирус анықталды

Бір күнде 739 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 739 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Оның 106-ы Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Алматы қаласында - 80, ШҚО-да 75 адамнан вирус анықталған. Ал 821 адам коронавирустан жазылып шықты. 8 адам көз жұмған. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 147975-ке, емделіп шыққандар саны 132427-ге, қайтыс болғандар саны 2194-ке жетті.

Сондай-ақ бір күнде коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 190 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. 119 адам індеттен айықты.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, дәл қазір 25 126 адам COVID-19-дан (13 348 КВИ+ және 11 778 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 4 384 науқас стационарда, 20 742 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 250 адамның жағдайы ауыр.

Бөлісу