Бішкекте ұшақ апаты кезінде қаза болғандар саны 32-ге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бішкекте ұшақ апаты кезінде қаза болғандар саны 32-ге жетті

16.01.2017
 Бішкекте ұшақ апаты кезінде қаза болғандар саны 32-ге жетті

Бішкекте ұшақ апаты кезінде қаза болғандар саны 32-ге жетті, деп хабарлайды.

Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА  меншікті тілшісі хабарлады.    

Сағат таңғы 10:00-дегі дерекке сәйкес «Манас» әуежайындағы апат салдарынан 32 адам қаза тапқан. Оның 4-еуі - ұшқыш.

Оқиғаға байланысты елдің бірінші вице-премьер-министрі Мухамметкалы  Абулгазиевтің басшылығымен штаб құрылды. Оқиға орнында көлік, ТЖМ, денсаулық сақтау министрлері бар.

Еске салсақ, 16 қаңтарда сағат таңғы 7.31-де Қырғызстанның Шу облысы   Сокулук ауданы  Дача-Суу  ауылында, әуежайға жақын жерде Гонконгтен Түркияға бет алған жүк ұшағы құлады. Авиалайнер «Манас» әуежайынан май құюды жоспарлаған. Ауа райының қолайсыздығы салдарынан әуе көлігі апатқа ұшырады.   

 

Хабарламаларға жазылу