АҚШ-та бір тәулікте 3 мыңнан астам адам коронавирустан қайтыс болды. Пандемия басталғалы 24 сағатта ковидтан мұнша тұрғын жан тәсілім етпеген екен.
Кейбір штаттарда қауіпті инфекцияны жұқтырғандарды қабылдайтын орын табылмай жатыр. Дәрігерлердің ескертуінше, америкалықтар саяхаттауды және бір жерге көптеп жиналуды доғармаса, эпидемиялық ахуал алдағы күндері тіпті қиындайды.
Германия ауруханаларының да коронавирусқа шалдыққандарды қабылдайтын мүмкіндігі таусылуға жақын. Сәрсенбі күні мұнда 20 мыңнан астам адамнан жұқпалы инфекция табылып, 590- ы қайтыс болды. Осыған байланысты канцлер Ангела Меркель халықты «әлеуметтік қатынастарды айтарлықтай» қысқартуға шақырды.
Оңтүстік Кореяда да пандемия өршіп барады. Сондықтан, жергілікті билік жүк тиейтін контейнерлердің өзін госпитальдерге айналдырып жатыр. Ал, өткен тәулікте бұл мемлекетте 682 адамнан COVID-19 вирусы анықталған.
Арыстан Рысбек