Танымал зерттеуші, белгілі Торғай геоглифтерін тұңғыш ашқан Turgay Discovery жобасының жетекшісі Дмитрий Дей жаңа сенсациялық олжа туралы мәлім етті, деп хабарлайды egemen.kz.
«Қымбатты достар, назарларыңызға «Қостанай тетрагоны» жаңа геоглифін ұсынуға рұқсат етіңіздер. Ол спутниктік түсірілімдердің көмегімен табылды. Қола дәуірінің тайпалары оны діни нысан ретінде шамамен 3000 жыл бұрын салған.
Бұл Торғай жеріндегі қорған тәріздес геоглифтер құрылысының соңғы кезеңі»,-деп жазды ғалым Facebook әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында. «Жаңа геоглиф М36 автожолымен қозғалып келе жатқанда қала маңындағы Затобол кентінен 1,9 шақырым жерде орналасқан»,-дейді ол.
Оның пікірінше, табылған бұл тетрагон оны туристік көрікті орынға айналдыруға болатын жақсы мүмкіндік. Онымен қоса, «Қостанай тетрагоны» — бұл көне заманғы адамдармен тұрғызылған бұрынғы «Күн ғибадатханасы».