Түркияда жаңа мұнай кен орны табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда жаңа мұнай кен орны табылды

03.05.2023

Түркияда жаңа мұнай кен орны табылды. Қара алтын қоры елдің оңтүстік-шығысындағы Габар тауында анықталған. Мұны Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді. Мемлекет басшысының айтуынша, жаңа кен орнының өндірістік қуаты тәулігіне 100 мың баррельге бағаланып отыр. Табылған мұнай сапасы жоғары екені де айтылды. Шикізатты мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу ісі қолға алынды.  

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу