Айтыскер Қонысбай Әбілдің шығармашылық кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айтыскер Қонысбай Әбілдің шығармашылық кеші өтті

13.09.2014
Айтыскер Қонысбай Әбілдің шығармашылық кеші өтті

Айтыс өнерінің ақтаңгері Қонысбай Әбіл Астанада шығармашылық кеш берді. Осы уақытқа дейін жазған жырлары мен әндерін елордалықтардың назарына ұсынды. Концерттік бағдарламадан бөлек, кеште айтыскердің «Әй-әй» ақын әлдиі» атты кітабы көрерменге жол тартты.

Әуелеген әнімен халық арасында «Әй-әй» ақын атанған Қонысбай Әбілді айтыссүйер қауым жақсы таниды. Айтыскер ғана емес, жұрт Қонысбай - қаламгер, Қонысбай - композитор деп өнеріне тамсанады. Сондықтан болар, айтыстың ақтаңгері Астанада концерт беретінін естігенде елордалықтар түгіл, ақынның туған жері Торғайдан ат арылтып келгендер аз болмады.

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу