Күйші Құрманғазының жаңа күйі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күйші Құрманғазының жаңа күйі табылды

26.04.2023

Оралда күй атасы - Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған күйшілер кеші өтті. Сахнада оның соңғы табылған күйі орындалды.

«Әдіре қалғыр, Бозтөбе» деп аталатын бұл күйді Мәмен күйшінің ұрпағы, қарапайым жұмысшы отбасынан шыққан жаңақалалық әуесқой домбырашы жеткізген. Ал кеште он бес кәсіби күйші Құрманғазы Сағырбайұлының сирек орындалатын шығармаларын дәріптеді. Әр күй орындалмас бұрын оның тарихы баяндалып отырды. Іс-шараның мақсаты - жас ұрпаққа баба күйін насихаттау. Күмбірлеген күй кеші көрерменді ерекше әсерге бөлеп, рухани азық сыйлады. Құрманғазы Сағырбайұлының киген сауыты мен қолданған бұйымдары қойылған көрме де көптің назарын аударды.

Өтеғайып Жағыпар, орындаушы:

Әкем тартып отырғанда өмірбаянымен айтатын еді. Құрманғазы істі болып, содан берірек келгенде елі көшіп кеткен басқа жерге, үйіне келгенде ешкім жоқ болған ғой, сол Бозтөбе деген күйді сол жерде шығарыпты. «Әдіре қалғыр, Бозтөбе, елің , малың қайда, Бозтөбе?» деп. Сол күйді естіп, соны телевизияға бергенмін.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу