Әлемге әйгілі футболшы Диего Марадона дүниеден өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемге әйгілі футболшы Диего Марадона дүниеден өтті

29.11.2020

«Диего Марадона - жарқыраған жұлдыз, гений және шектен шыққан тентек». 60 жасында өмірден өткен футбол пірі туралы әлемдік ақпарат құралдары осылай жазып жатыр. Осы аптада оның жүрегі тоқтап қалды. Қарашаның басында миына операция жасатқан болып шықты. Марадона аса дарынды ойыншылардың бірі етін, оның әдісі ешкімге ұқсамайтын, сондықтан жанкүйерлер есі кетіп жақсы көретін.  

Диего Армандо Марадона Буэнос-Айрестің трущобында дүниеге келген. Жоқшылықта өссе де, ол әлемдік футбол жұлдызына айналды – 20 ғасырдың үздік футболисі атағын Пелемен бөлісті.

Төртбақ келген Марадонаның бойы небәрі 165 см болған. Бірақ филигранды шеберлігі, жылдамдығы, алаңдағы жағдайды бағамдай алуы, допты алып жүруі және дәл пас беруі – керемет етін. 1986 жылы ол Мексикада өткен Әлем чемпионатында Аргентина құрама командасын жеңімпаз қылды. Ал сол чемпионатта Англиямен ойында соққан голы. 5 қарсыласынан өтіп, қақпашыны да артқа қалдырды. Комментаторлардың жылап жібере жаздап, «Гений, гений!» –деген – рас, солай.

Өміріндегі өкінішті сәттерге келсек, Марадона Италия клубында жүргенінде қылмыстық синдикат – «Каморрамен» байланысады. Кокаинге құнығады. Алғаш рет есірткі сынамасынан 1991 жылы өте алмайды. Ақыры 37 жасында футбол ойнауды доғарды. Бірақ проблемасы бітпейді – журналистерге пневматикалық мылтықтан оқ атқаны үшін 2 жыл 9 айға шартты түрде жазаланады. Иә, оның ішімдік пен кокаинге құштарлығы денсаулығынан айырылуға себеп болады. Семіздікке ұшырап, 2004 жылы бірінші рет инфаркт алады. Дегенмен 2008 жылы Аргентина құрамасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалып, командасын 2010 жылғы Әлем чемпионатында ширек финалға жеткізеді.  

 Иә, оның өмірі қайшылыққа толы етін. Масқара да болды, біртүрлі де болды. Алайда ұлы футболшы ретінде тарихта қалады.


футболшы Диего Марадона

Хабарламаларға жазылу