Диего Марадона: Әкем оқығанымды қалады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Диего Марадона: Әкем оқығанымды қалады (ВИДЕО)

30.10.2015
Диего Марадона: Әкем оқығанымды қалады (ВИДЕО)

 

Диего Армандо Марадона – отбасында 5-ші бала. Оның төрт әпкесі бар.

Диегоның арғы аталары Италиядан барғандар. Олар жиһанкез Марко Полодан тарайды. Әжесінің хорваттарға да қатысы бар.

Диего  10 айлығында жүре бастапты. Кішкентайынан аула балаларымен бірге доп теуіп өседі.

Немере ағасы Бето 7 жасында Марадонаға доп сыйлайды. Оның қуанғаны сонша, кей күндері добын құшақтап ұйықтап қалатын болған.

Ауладағы үлкен балалармен қатар ойнап, допты ырығына оңай бағындыратын шебер ойыншылардың біріне айналады.

Мектепке барған күні-ақ оны «Эскалада» командасына қосып қояды. Ата-анасы футболға деген әуестігін білгенімен, көбіне үйден шығармайтын болған.

Диего өзінің кітабында: «Әкемді көндіру – қиын еді. Бірақ мен үйден қалай болса да, қашып кететінмін. Әкем менің оқығанымды қалады», - дейді.

Диего Марадона туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу