Месси Әлем чемпионатындағы жеңісін Марадонаға арнады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Месси Әлем чемпионатындағы жеңісін Марадонаға арнады

21.12.2022

Лионель Месси Әлем чемпионатындағы жеңісін Диего Марадона мен Аргентина халқына арнады. Бұл туралы футболшы желідегі жеке парақшасында жазды. Мен бұған 30 жыл уақытымды арнадым. Үш онжылдықтың ішінде басты арманым әлем чемпионы атану еді. Қалай, қай кезде орындалатынын білмедім де. Бұл бізді көкте қолдаған Марадонаның да жеңісі деп атап өтті Лионель Месси. Айта кетейік Аргентиналық шабуылшы Қатардағы турнирде 7 гол соғып, мундиальдің үздік ойыншысы атанған еді.

Дархан Рахымжан

Хабарламаларға жазылу