Марадона: Месси «Алтын допқа» лайықты емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Марадона: Месси «Алтын допқа» лайықты емес

14.07.2014
Марадона: Месси «Алтын допқа» лайықты емес

Диего Марадона Әлем біріншілігінде финалға шығып, тек бір доп айырмасымен жеңілген команда ойыншыларын мақтады. «Германия құрамасы біздің қорғаушыларымыздың қателігін пайдаланып, доп салып кетті. Алайда, біздің команда олардан еш кем емес», -деп келтіреді Марадонаның сөзін ole.com.ar

«Маркетингпен айналысатын адамдар Леоға ол ұтпаған атақты бергісі келгендей. Маған ол «Алтын допты» алғысы да келмеген сияқты болып көрінді. Ал, «Үздік ойыншы» деп Джейм Родригесті санаймын», -деді Марадона.
 

Хабарламаларға жазылу