Сайлау қарсаңында азаматтық белсенділік артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау қарсаңында азаматтық белсенділік артты

27.11.2020

Елімізде сайлауалды жұмыстарға сәйкес саяси партиялардың белсенділігі артты. Мәселен, соңғы 1 ай ішінде Орталық сайлау комиссиясына 34 өтініш түскен. Оның бесеуі жеке, 29-ы заңды тұлғалардан, ал 13-і БАҚ өкілдерінің сауалдары. Өтініштердің 50%-і сайлау жұмыстары бойынша заңнамалық түсініктемені талап еткен. 17%-і сайлауды ұйымдастыру туралы, 12%-ы орталық сайлау комиссиясының жұмысы жөніндегі сұрақтар. Барлық сауалдарға 2 күн ішінде толыққанды жауап берілді. 

Қазбек Майгелдинов, саясаттанушы:
Жалпы қазіргі таңдағы мемлекеттік орган, әсіресе, ОСК-ның сайлау барысында әрдайым уақтылы мониторинг жасап отыруы, кез келген сұранысқа, кез келген өтінімге нақты жауап беруі – бұл жақсы үрдіс. 

Ақниет Балтанова


сайлау оск

Хабарламаларға жазылу