Американың басылымында Қазақстандағы соңғы саяси реформаларға қатысты мақала жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Американың басылымында Қазақстандағы соңғы саяси реформаларға қатысты мақала жарияланды

24.06.2020

Қазақстан азаматтық белсенділік пен әйелдер құқығын кеңейтудің арқасында демократияны нығайтуда. Американың The Washington Times басылымында Қазақстандағы соңғы саяси реформаларға арналған мақала жарияланды. Еңбектің авторы — Лондон саяси зерттеулер орталығының қызметкері — Джесси Джейн Дафф. Ол Қазақстанды күрделі демократиялық реформалар жүргізген елдің тамаша үлгісі деп атады. Нақтырақ айтсақ, тамыз айында елде өткізілетін саяси праймеризді жоғары бағалаған. Айта кетейік, «Nur Otan» партияішілік сайлау өткізуді жоспарлап отыр. Кандидаттардың кем дегенде 30 пайызы әйел, 20 пайызы – жастар болмақ.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу