Президент сайлауы – дала демократиясының жалғасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент сайлауы – дала демократиясының жалғасы

11.11.2022

Қазақстандықтардың сайлау үдерістеріне қатысу мәдениеті жоғары. Бұл жайында жаһандық және жергілікті электоралдық үрдістерді зерттеген сарапшылар мәлімдеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Электоралдық белсенділік азаматтық бірегейлік факторы ретінде» жалпыреспубликалық ғылыми-практикалық конференциясында айтылды. Сарапшылардың айтуынша, алдағы Президент сайлауы - дала демократиясынан туған сайлау дәстүрінің жалғасы. Ал, тұрғындардың саяси науқандағы белсенділігі өз елінің тағдыры мен тұрақтылығына атсалысудың бір көрінісі дейді.

Ерлан Сыдықов Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры:

Осындай ғылыми тәжірибелік конференцияларда қоғамды біз қайда бара жатырмыз. және бізді қандай өзгерістер күтіп тұр. алдағы президент сайлауы мәжіліс пен басқа деңгейдегі маслихаттар сайлауы бізге не береді деген сұрақтарға ғылыми сараптамалық түсініктемелер беріледі.

Хабарламаларға жазылу