Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық штабы 5 мыңнан аса іс-шара өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық штабы 5 мыңнан аса іс-шара өткізді

31.10.2022

Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы ел аумағында 5 мыңнан астам іс-шара өткізді.

Бүгін кандидаттың жақтастары Қарағандыға келіп, бірқатар кездесулер өткізді. Әуелі өңірдің бизнес-қауымдастығымен мәжіліс өткізді. Одан кейін Қарағанды университетінің студенттерімен және оқытушы-профессорлар құрамымен кездесіп, білім саласындағы мәселелер талқыланды. Бұдан соң, штаб мүшелері «Казахстанская» шахтасының кенжарына түсіп, кеншілерге кандидаттың еңбек адамын қолдауға және өндірістердегі қауіпсіздікті арттыруға бағытталған негізгі басымдықтары туралы түсіндірді.

Тоқтар Әубәкіров, Республикалық қоғамдық штабтың мүшесі:

Бұл таңдау еліміздің алдағы жеті жылдағы даму бағытын айқындайды. Барша қазақстандықтардың азаматтық белсенділік танытып, сайлау учаскелеріне келгені маңызды.


Хабарламаларға жазылу