Солтүстік Қазақстан облысында оқу жылы басталғалы 24 мұғалім мен 108 оқушы коронавирус жұқтырды. Олардың барлығы қазір оқшауланып, ем қабылдауда. 68 бала індетті осы қараша айында жұқтырған. Уәлиханов ауданында қазір 4 мектеп қашықтан оқуға көшті. Соңғы дерек тіркелген Ақбұлақ ауылындағы орта мектепте 7 оқушы мен шағын орталықтың бір тәрбиеленушісінен коронавирус анықталды. Ауылдағы жағдай қазір мамандардың бақылауында. Егер, ауру жұқтырғандардың қатары көбейсе мектеп карантинге жабылады.
Гүлмира Кәрімова, облыстық білім басқармасының басшысы:-Қазіргі күні 19 бала коронавируспен ауырып жатыр. Оның 14-і Уәлиханов ауданындағы оқушылар. 7-еуі Ақбұлақ ауылындағы Чехов орта мектебінен, қалғандары Кішкенекөл ауылындағы бірінші және екінші орта мектептен. Балалар каникул кезінде жұқтырған, сондықтан басқа оқушылар арасында анықталған жоқ. Ауырған балалардың барлығы карантинде.
Сағындық Сәбитұлы