Қызылорда облысында 4 оқушы коронавирус жұқтырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында 4 оқушы коронавирус жұқтырды

21.01.2021

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясының таралуы бірте-бірте үдеп барады. Соңғы екі тәулікте 13 адамнан жұқпалы індет анықталды. Соның төртеуі - мектеп оқушысы.

Ковид жұқтырған екі бала қашықтан білім алса, екеуі мектеп қабырғасында оқып келген. Қазір эпидемиологтар індет ошақтарын залалсыздандырып жатыр. Ал олармен қарым-қатынаста болғандар медициналық бақылауға алынды. Ауру симптомсыз болғандықтан, кезекші сыныпта оқитындар ғана оқшауланып, онлайн оқуға көшті. Жалпы індет басталғалы облыста 14 жасқа дейінгі 227 бала кесел жұқтырған. Алдағы уақытта аймақта эпидахуал нашарлай берсе, карантиндік шектеулер күшейтілмек

Айман Жанахаева, Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:
Осы жыл басынан бері Қызылорда облысынан 114 коронавирус инфекциясының жағдайы тіркелген. Жалпы Қызылорда облысы бүгінгі күні жасыл аймақта дегенмен де кез келген уақытта сары аймаққа ауысып кетуі мүмкін.

Әділбек СЕРІКҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу