ШҚО-да карантин талаптары күшейтілмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да карантин талаптары күшейтілмейді

20.11.2020

Шығыс Қазақстанда карантин талаптары күшейтілмейді. Дерттің дендеуіне қатысты қабылданған шаралар жеткілікті. Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов айтты. Бүгінде Өскемен, Алтай, Риддер мен Глубокое ауданында коронавирус өршіп тұр. Облыс әкімінің сөзінше, тұрғындар вирусты көбінде қоғамдық көліктерден жұқтырады. Сол себепті қатынасқа уақытша тыйым салынды. Жыл басынан бері облыста вируспен күреске 22 миллиард теңге бағытталған. Алайда, індет қайта күшейіп, Шығыс «қызыл аймақтан» шыға алмай отыр.    

Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысы әкімі: 
-Біз шектеулі мәселені іске салдық, жаңа құрал-жабдықтар алдық, дәрі-дәрмекті әкелдік. Күні-түні бәрі жұмыс істеп жүр. Мен сенемін, нәтиже дұрыс болады.  

Коронавирус алғаш тіркелгелі Шығыста 14 жарым мыңдай адам вирус жұқтырды. Қазір ауруханаларда 700-ге жуық науқас жатыр. 410 оқушы індетке шалдыққан. Олардан вирус табылған соң мектептер жабылып, оқушылар қашықтан оқуға көшті. Салынған тыйымға қарамастан, карантин талабын бұзған кәсіпкерлерге 70 миллион теңгедей айыппұл салынды.   

Фариза Мұсақызы 


ШҚО карантин Даниал Ахметов

Хабарламаларға жазылу