ШҚО-да үш ауылда карантин жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да үш ауылда карантин жарияланды

09.03.2023

Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданындағы Аққайнар, Жаңаүлгі және Шыңғыстай ауылында ұсақ малдан күл ауруы шықты. Сол себепті елдімекендерде карантин жарияланды. Шектеу енгізілген ауылдарда малды ортақ өріске және басқа жаққа тасымалдауға тыйым салынған. Жалпы үш ауылда нақты қанша мал жұқпалы індетке шалдыққаны әзірге белгісіз. Тек жеке үйлерден ғана емес шаруашылықтардан анықталып отыр. Ветеринарлар бұл аурудан адамға қауіп жоқ, дейді. Ал індет одан ары таралмас үшін аудандағы малға жаппай вакцина егіліп жатыр. 

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу