Өңірлерде карантин талаптары күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өңірлерде карантин талаптары күшейтілді

08.06.2020

Өңірлердегі эпидемиологиялық ахуала мәз емес. Карантин талаптары жеңілдетілгелі тұрғындар қарапайым сақтық шараларын ұмытып, қауіпті дерт өрши түсті. Сондықтан бірқатар облыс карантиндік шектеулерді күшейіп, жұмысқа енді ғана кіріскен кәсіпкерлік нысандарды қайта жабуға мәжбүр.

Семейде бір күнде 2 бірдей сәби қауіпті інтеттің құрығына ілікті. Маңғыстауда бүгіннен бастап карантин қайта күшейтілді. Бүгін «Қаражанбас» кен орнында жұмыс істейтін 6 күзет қызметкерінен вирус табылды. Абырой болғанда, науқастар кен орнына бармаған.

Алматы облысында да тәртіп қайта күшейді. Себебі өңірде індетке шалдыққандар қатары артқан. Әсіресе, Талдықорған және Қапшағай қаласында шектеулер қатайтылды.

Шымкент қаласында да карантин ұзартылды. Себебі соңғы аптада аурудың таралуы 3,7 пайызға өскен. Сондай-ақ Орал қаласында да карантин күшейтіліп, блокбекеттер қайта қойыла бастады.

Аягөз ОРАЛБАЙ


Хабарламаларға жазылу