Елордада 20 мамырдан бастап сауда ойын-сауық орталықтары ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада 20 мамырдан бастап сауда ойын-сауық орталықтары ашылады

19.05.2020

Елордада әзірге карантин шаралары қайтадан күшейтілмейді. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері айтты. 

Керсініше, ертеңнен бастап сауда және ойын-сауық орталықтары ашылады. Бірақ ондағы кинотеатрлар мен фудкорттар жұмыс істемейді.

Сондай-ақ, моншалар мен сауналар да жұмысын бастайды, бірақ бассейндер ашылмайды. Мамандардың сөзінше, шаһарда қазір жағдай біршама тұрақты.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу