Атырау облысында бір күнде 17 адам коронавирусқа шалдықты.
Қауіпті індетті жұқтырған науқастардың 14-і қаладан тіркелді. Қалғаны Құрманғазы және Махамбет ауданының тұрғындары. Олардың алтауында ауру симптомсыз түрде өтіп жатыр. 103 адам үй жағдайында емделуде.
«Облыстық стационарда 28 науқас, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 32 адам ем қабылдауда», - дейді мамандар.
Жандос Темірғали