Атырау облысында бір күнде 92 адамнан коронавирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында бір күнде 92 адамнан коронавирус анықталды

13.05.2020

Өңірде СOVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 432-ге жетті. Індетке шалдыққан 90 адам Теңіз мұнай кенішіндегі мердігер мекемелерде жұмыс істеген. Олармен жақын байланыста болған 2 мың адам карантинге жатқызылды. Ал қалған екі науқас - қала тұрғыны. Жедел штабтың мәліметіне сай, Теңіздегі жағдайдың ушығуына жұмысшылардың карантин талаптарын сақтамауы себеп болған.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу