Өткен тәулікте 742 адамнан коронавирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 742 адамнан коронавирус анықталды

06.01.2021
Өткен тәулікте 742 адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте коронавирустан 4 адам көз жұмды. 742 адам коронавирус жұқтырған. Оның 114-і Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Алматы қаласында - 94, Атырау облысында 101 адамнан вирус анықталды. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 159044-ке жеттi. 

Соңғы тәулікте 785 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 145979. Қайтыс болғандар - 2343.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 22 791 адам ем қабылдап жатыр. 299 науқастың жағдайы ауыр.

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 29 жағдай тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 46020 адам пневмонияға шалдыққан. 33398 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 513.

коронавирус статистика

Хабарламаларға жазылу