Өткен тәулікте 692 адамнан коронавирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 692 адамнан коронавирус анықталды

12.01.2021
Өткен тәулікте 692 адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте коронавирустан 9 адам көз жұмды. 692 адам коронавирус жұқтырған. Оның 110-ы Алматы қаласында тіркелді. Алматы облысында - 65, Атырау облысында 74 адамнан вирус анықталды. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 163711-ке жеттi. 

Соңғы тәулікте 761 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 149843. Қайтыс болғандар - 2369.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 23 403 адам ем қабылдап жатыр. 283 науқастың жағдайы ауыр.

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 25 адам дертке шалдығып, 1 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 46375 адамға пневмония диагнозы қойылды. 33945 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 526.

коронавирус статистика

Хабарламаларға жазылу