Ниццеде 80 адам терактінің құрбаны болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ниццеде 80 адам терактінің құрбаны болды

15.07.2016
Ниццеде 80 адам терактінің құрбаны болды

14 шілдеде Ницце қаласында теракт орын алды. Ағылшын жағалауында мереке құрметіне берілетін от шашуға жиналған халықты 2 км ұзақтықта жүк көлігі басып өткен.

«Қолда бар дерек бойынша, Ниццеде 80 адам қаза тауып, 120 адам ауыр жарақат алды», - деп мәлімдеді Теңіз жағалауы Альпісі департаментінің депутаты Эрик Сиотти. 

Қазір жүк көлігінің рөлінде отырған адамның көзі жойылған. Қалада қауіпсіздік шарасы күшейтіліп, арнайы шаралар жүргізілуде. 

Әлеуметтік желі және видеохостингтерде Ниццедегі террористердің шабуылы түсірілген бейнебаяндар жарияланды, деп хабарлайды ria.ru

Хабарламаларға жазылу