Соғыс туралы деректер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соғыс туралы деректер

13.05.2018

Жеңіс... Қастерлі сөз. Сан миллион адам сарыла күткен бұл жеңіске 1418 күннен кейін қол жетті. Оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында қанша бота тірсек бозбала, қанша асыл азамат ажал оғына байланды, қаншасы жаралы, мүгедек, кемтар боп оралды. Тарихты парақтасақ, Екінші дүниежүзілік соғысқа 61 мемлекет демек, Жер жүзі халқының 80 пайызы қатысыпты. Сұрапыл соғыс 40 елдің жерінде жүріп, 110 миллион адам әскерге алынған дейді тарих. Ал, осы соғыста қаза тапқандар саны 55 миллионнан асып жығылады. Ал, қазақ даласынан майданға - 1 миллион 366 мың адам қатысқан. 410 мың адам - кері оралмаған. Тылда 700 мың адам тер төккен. 497 адам Кеңес одағының батыры атанды. Қазақстанның төрт азаматы екі мәрте батыр атанды.  Әрбір төртінші қазақстандық не соғысқа тікелей қатысқан, әйтпесе, тылда еңбек еткен. 1941- 1945-тің арасында сол кездегі Кеңес одағынан 26 миллион адам соғыстың құрбаны болды.

Хабарламаларға жазылу